21 қыркүйек 2014 17:13

Зүлфия Чиншанло - Азия ойындарының күміс жүлдегері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зульфия Чиншанло. Фото svoboda.org сайтынан алынды Зульфия Чиншанло. Фото svoboda.org сайтынан алынды

Олимпиада чемпионы, қазақстандық зілтемірші Зүлфия Чиншанло Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.


Олимпиада чемпионы, қазақстандық зілтемірші Зүлфия Чиншанло Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Чиншанло 53 килограмдық салмақ дәрежесінде сынға түскен болатын. Чиншанло дәл осы cалмақта 2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиаданың, 2009 және 2011 жылы өткен әлем чемпионаттарында алтыннан алқа таққаны белгілі.  

Инчхонда ол жұлқа көтеруден 96 килограмдық зілтемірді үшінші мәрте шыққанында бағындырып үшінші орынға тұрақтаған. Ал жалпы бұл сайыста 101 килограмды қиналмай көтерген тайпейлік Сюй Шуцзин екінші орыннан көрінсе, 102 килограмды таза көтерген қытайлық Чжан Ваньчон бірінші орынға шыққан. Еске салайық, Зүлфия Лондонда өткен Олимпиада да 95 килограмды бағындырып чемпион атанған болатын.

Ал серпе көтеруде Чиншанло бастапқыда тапсырыс беруді 120 килограмнан бастап, берілген мүмкіндіктердің барлығын таза орындап шықты. Ол әлемдік рекордты жаңарта отырып 132 килограмды бағындырғанымен қытайлық спортшы серпе көтеруден 126 килограм салмақпен алға озып шықты. Ал үшінші орын тайпейлік Сюй Шуцзинге бұйырды.

Азия ойындарының алтынын алу үшін Чиншанло үшінші мүмкіндігінде 137 килограмға тапсырыс бергенімен (бұл әлемдік рекордтан алты килограмға артық) ол салмақты бағындыра алмады. Есесіне, Чиншанло Азия ойындарында осымен екінші мәрте күміс жүлдегері атанды.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети