04 маусым 2016 19:26

Зүлфия Чиншанло Рио Олимпиадасына қатысуы жөнінде пікірін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиада чемпионы Зүлфия Чиншанло Қазақстан чемпионатындағы жеңісіне, сонымен қатар Рио-де-Жанейро Олимпиадасына дайыңдығына байланысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Олимпиада чемпионы Зүлфия Чиншанло Қазақстан чемпионатындағы жеңісіне, сонымен қатар Рио-де-Жанейро Олимпиадасына дайыңдығына байланысты пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Талдықорғанда өткен шарада ол өз салмақ дәрежесінде (53 келі) емес, 58 келіде өнер көрсетті. Чиншанло жұлқа көтеруде 137 келіні оңай еңсеріп, жаңа рекорд орнатты. Сонымен қатар, ауыр атлетикадан 58 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атанды.

"Жағдайым жақсы. Шараны көруге келгендерге алғысым шексіз. Қазақстандық жанкүйерлер өте мейірімді. Штанганы көтерген кезімде үнемі айғайлап отырады. Осындай кезде қатты қуанамын, барлығына алғысым шексіз", - деді Чиншанло KazSport телеарнасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар, ол Рио-де-Жанейро Олимпиадасына дайындығы жөнінде айта кетті.

"Екі ай қалды. Соңына дейін шыдау керек. Бастысы - жарақат алып қалмау. Мен өзіме сенемін!", - деді Чиншанло.

Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада чемпиондары - Зүлфия Чиншанло мен Илья Ильиннің қанынан допинг табылғаны хабарланған болатын.

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті өз кезегінде қазақстандық спортшылардың "Б" допинг сынамаларының қосымша тексерілу процедурасын растады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети