16 жастағы қызды алған 65-тегі шенеунік енесін туризм министрі етіп тағайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бразилияда 65 жастағы қала әкімі 16 жастағы қызға үйленіп, енесін әкімшілк қызметке отырғызған. Оқиға елдің оңтүстігіндегі Араукария қаласында болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Бразилияда 65 жастағы қала әкімі 16 жастағы қызға үйленіп, енесін әкімшілк қызметке отырғызған. Оқиға елдің оңтүстігіндегі Араукария қаласында болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұл оқиғада елді көбірек дүрліктіргені шаңырақ көтергендердің жасындағы айырмашылықтың жарты ғасырға тең болғаны ма, әлде әкімнің енесі жергілікті муниципалитеттің мәдениет және туризм министрі қызметіне тағайындалуы болда ма белгісіз. Бірақ бұдан үлкен дау шығып, істі пркуратура тергей бастады.

Бұған дейін ол әйел Білім министрлігінде қызмет еткен екен, алайда онда айлығы айтырлықтай төмен болған.

"Аракаурия қаласының әкімі Хиссам Хусейн Дехайни 16 жасқа толғанына төрт күн өткен Кауана Роде Дехайниге үйленді. Алты рет үйленген әкім тойына дейін бірнеше күн бұрын қыздың анасы Марилен Родені қаланың мәдениет және туризм министрі етіп тағайындады", - деп хабарлайды Daily Mail.

Осыдан кейін Парана штатында үлкен дау шығып, Марилен Роде тергеу уақытына қызметінен босатылды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная