2023 жылға арналған бюджеттік бағыттар аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Биыл туристер арасында танымал бағыттардың көпшілігінде коронавирустық шектеулер жойылып қана қоймай, әуе билеттері мен қонақүйлердің бағасы да күрт өсті. Сондықтан саяхаттау үшін бюджеттік бағыттарды іздеу мәселесі бұрынғыдан да өзекті. Kaz.tengritravel.kz тілшісі Traveloffpath.com сайтына сілтеме жасай отырып, келесі жылға арналған сегіз бюджеттік бағыттың тізімін ұсынады.


Иконка комментария блок соц сети

Биыл туристер арасында танымал бағыттардың көпшілігінде коронавирустық шектеулер жойылып қана қоймай, әуе билеттері мен қонақүйлердің бағасы да күрт өсті. Сондықтан саяхаттау үшін бюджеттік бағыттарды іздеу мәселесі бұрынғыдан да өзекті. Kaz.tengritravel.kz тілшісі Traveloffpath.com сайтына сілтеме жасай отырып, келесі жылға арналған сегіз бюджеттік бағыттың тізімін ұсынады.

Таиланд саяхатшылар үшін ең танымал орындардың бірі болып қала береді және шығанақтың, көгілдір мұхиттың, тропикалық ормандармен шектесетін қызғылт құмды жағажайлардың, ғасырлар бойғы будда храмдарының және тартымды бағамен демалудың керемет көріністерін ұсынады.

Цифрлық көшпенділер Таиландты айрықша жақсы көреді және елде ұзақ уақыт тұрады. Сарапшылардың мәліметінше, туристер орташа бағамен айына 533 долларға (жалдау ақысын қоспағанда) жайлы өмір сүре алады (шамамен 249 233 теңге).

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Лаос - табиғатпен танысуға арналған аймақтық орталық. Меконг өзені кесіп өтетін ел өзінің қатал таулы ландшафтымен танымал. Ол шу мен қарбаластан құтылуды армандайтын туристерді қызықтырды.

Өмір сүру құны туралы әлемдегі ең ірі дерекқор Numbeo сайтының мәліметінше, Лаостағы арзан мейрамханада бір адамға түскі ас бар болғаны 2,72 доллар (1271,88 теңге), ал жергілікті сыраның бір пинті одан да арзан - 1,13 доллар тұрады (528,39 теңге).

Камбоджа - мыңдаған жылдық тарихымен, археологиялық орындардың кең коллекциясымен және таңғажайып табиғатымен танымал мәдениет орталығы.

Бағаларға келетін болсақ, саяхатшыларға өмір сүру үшін айына кемінде 5 593,88 (277 701,02 теңге) доллар жоспарлау ұсынылады. Елдегі ең үлкен қала Пномпеньде ұзақ уақытқа тоқтаған туристер жалдау ақысын батыстағы танымал мемлекеттерге, мысалы, Францияға қарағанда 55,81 пайызға аз төлейді.

Жақында Албания Жерорта теңізінің қолжетімді ел ретінде беделге ие болды. Мұнда туристер ЕО елдеріне қарағанда 45,80 пайызға аз қаржы жұмсайды және Адриатика жағалауына бара алады, ЮНЕСКО ескерткіштерін және таулардың шыңдарындағы ортағасырлық құлыптарды тамашалайды.


Камбоджа. Фото @pixabay

Болгарияның да ұзақ мерзімді саяхатшылардың жұмағы ретінде танымалдығы артты. ЕО-ның басқа батыс елдеріне қарағанда 41,19 пайызға арзан. Болгария - табиғаты әртүрлі және этникалық, мәдени жағынан бай ел.

Грузия - шарап ойлап табылған әлемдегі ең көне орындардың бірі және қалалардың мыңдаған жылдық тарихы бар. Мұнда заманауи және еуропалық әсерлер посткеңестік эстетикаға тап болады. Грузия көбінесе цифрлық көшпенділер үшін Еуропадағы бірінші орын деп аталады: тұруды қоспағанда, туристер айына орта есеппен 555,21 доллар (259 618,75 теңге) жұмсайды.

Түркия - Еуропа тарихымен өрілген күрделі тарихы бар тағы бір қызықты ел. Ыстамбұлдың биік мұнараларынан бастап, Жерорта теңізінің шығысында орналасқан Анталияның құмды жағажайларына дейін Түркияда тарих әуесқойлары үшін көптеген қызықты орын бар. Бақытымызға орай, олар үшін тамақ, тұру және туристік іс-шаралардың бағасы Италия мен Грекиядан орташа есеппен 48 және 21 пайызға төмен.

Аргентинада осы тізімдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірін ескере отырып, айлық өмір сүру құны 419,06 долларға (195 954,38 теңге) бағаланады (жалдау ақысын есептемегенде). Бұл батыс елдерімен салыстырғанда 60 пайызға арзан.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная