АҚШ билігі COVID-19-ға қарсы вакцинациядан кейін қоғамдық орындарға шықпауды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ-тың жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы Энтони Фаучи COVID-19-ға қарсы вакцинаның екі дозасын алған америкалықтарды қоғамдық орындарға шықпауға шақырды, - деп хабарлайды Daily Mail.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың жұқпалы аурулар жөніндегі бас маманы Энтони Фаучи COVID-19-ға қарсы вакцинаның екі дозасын алған америкалықтарды қоғамдық орындарға шықпауға шақырды, - деп хабарлайды Daily Mail.

Елдің Ұлттық аллергия және жұқпалы аурулар институты директорының айтуынша, COVID-19-ға қарсы вакцина ектірген азаматтар қоғамдық орындарға барудан бас тартуы қажет. Өйткені АҚШ-та екпе салдырған адамнан коронавирус берілетіні туралы әлі толық мәліметтер жоқ.

Фаучи АҚШ-тағы COVID-19 таралу деңгейі әлі де "жоғары" екенін және вакцинациядан өткен адамдар қоғамдық орындарға барудан, үйден тыс жерде түскі ас ішуге немесе киноға барудан шектелуі керегін ескертті.

"Мен әлі күнге дейін жабық нысандарда тамақтанбаймын және тамағымды өзіммен алып жүремін. Әдетте барып жүрген мейрамханаларға қолдау көрсету үшін тамақты тапсырыс беріп алдыртамын", - деді иммунолог вакцинациядан өткенін айтып.

Қазіргі уақытта Америка Құрама Штаттары коронавирус инфекциясы расталған жағдайлар және COVID-19 салдарынан қайтыс болғандар саны бойынша әлемде бірінші орында. Елде коронавирустан қайтыс болған америкалықтарды аза тұту жарияланды. Ол бес күнге созылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная