АҚШ-тың Форт-Лодердейл қаласындағы Лас-Олас бульварында канадалық жұпты қаскөйлер қатыгездікпен тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі NBC6 арнасына сілтеме жасап.
Куәгерлер түсірген видеода екі күдіктінің ер адамды жерге құлатып, тапаншамен ұрып, қолынан күштеп алтын Rolex сағатын жұлып алғанын көруге болады. 1950-жылдары шығарылған бұл сағат шамамен 45 мың доллар (20,4 миллион теңге) тұрады екен.
Ұрылар көлікке отырып оқиға орнынан қашып кеткен.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!