“Әлемде 500-ге жуық“: қорықта сирек кездесетін балапан дүниеге келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

/Instagram/Zealandia Te Māra a Tāne

Әлемдегі ең ірі қалалық экоқорықтардың бірінде сирек кездесетін жаңазеландиялық такахе құстары жұбынан балапан дүниеге келді. Бұған дейін аталық құс бедеу деп есептелгендіктен, бұл жағдай нағыз ғажайып ретінде бағаланып отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлемдегі ең ірі қалалық экоқорықтардың бірінде сирек кездесетін жаңазеландиялық такахе құстары жұбынан балапан дүниеге келді. Бұған дейін аталық құс бедеу деп есептелгендіктен, бұл жағдай нағыз ғажайып ретінде бағаланып отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Қорық мәліметінше, Zealandia Te Māra a Tāne аумағында тіршілік ететін Бендиго мен Вайтаа есімді такахе құстары жаңа туған балапанына қамқорлық көрсетіп жүр. Мамандар балапандардың аса осал болуына байланысты олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арнайы шаралар қабылдаған.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қазіргі уақытта такахе құстары жойылып кету қаупі бар түрге жатады. ХХ ғасырдың басында олар толық жойылды деп саналғанымен, 1948 жылы қайта табылған. Бүгінде олардың саны шамамен 500 данаға жетіп отыр, ал әрбір балапан түрдің сақталуы үшін үлкен маңызға ие.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная