Әлемде туристерге лық толы ел аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/Julius_Silver © pixabay.com/Julius_Silver

Әлемде қай елге туристер ағылып жатқаны белгілі болды. Барлығы ойлағандай бұл Азияда емес, Еуропадағы мемлекет болып шықты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі DailyStar басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Әлемде қай елге туристер ағылып жатқаны белгілі болды. Барлығы ойлағандай бұл Азияда емес, Еуропадағы мемлекет болып шықты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі DailyStar басылымына сілтеме жасап.

MoneyTransfers.com зерттеуіне сәйкес, бүгінде адам саны көп шектен асып кеткен ел - Австрия екен. Әрбір жергілікті тұрғынаға кемінде үш туристен келеді. Жыл сайын мұнда 32 миллион адам келеді, ал жергілікті халық саны - 8,9 миллион адам.

Саяхатшылардың көбісі бірінші кезекте Австрия астанасы Венаға барады. Бұл қалада көптеген көрнекі орындар бар, мысалы Вена мемлекеттік операсы, Жаратылыстану музейі, Шенбурн резиденциясы және басқалары. Қуанышқа орай, басылым мәліметінше, Вена алаңы көп адамды қабылдай алады екен.

Алайда барлық қалалар саяхатшылар ағынына дайын емес екен. мысалы, Гальштат көлінің жағалауындағы қала. Ол кейінгі уақытта туристер арасында танымал болған. Дәл осы жер Диснейдің "Мұзды өлке" (2013 жыл) хитін жасауға шабыт берген. Сонымен қатар жергілікті тұрғында туристердің толастауына наразылық білдірген және келушілердің салдарынан пайда болған кептелістер болмасы үшін қарсылық білдіру мақсатында митингке де шыққан.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная