Әлемдегі ең мықты төлқұжат қай елде?

ПОДЕЛИТЬСЯ

passportindex.org сайтынан скриншот passportindex.org сайтынан скриншот

Arton Capital компаниясы 2022 жылы төлқұжаттардың мобильділігіне ұпай беріп, рейтинг жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Arton Capital компаниясы 2022 жылы төлқұжаттардың мобильділігіне ұпай беріп, рейтинг жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Нәтижесінде БАӘ төлқұжатын иеленген адамдар 121 елге визасыз бара алады және 59 мемлекетке келісімен рәсімдей алады. Тек 18 ел әмірлік азаматтарынан виза сұрайды екен.

Қазақстан төлқұжаты 56-орынға шықты. Қазақстандықтар 38 елге визасыз бара алады, ал 50 елге келісімен виза рәсімдей алады, ал 110 мемлекет әлі де виза талап етеді. 55-орында Беларусь пен Науру. Өзбекстан мен Қырғызстан 72-орында. Ресей төлқұжаты рейтингте 38-орында тұр.

Рейтингтің екінші орнын Германия, Швеция, Финляндия, Люксембург, Испания, Франция, Италия, Нидерланды, Австрия, Швейцария және Оңтүстік Корея өзара бөлісті. Бұл елдердің азаматтарына 25 елге виза қажет.

Үшінші орынды Дания, Бельгия, Португалия, Норвегия, Польша, Ирландия, АҚШ және Жаңа Зеландия төлқұжаттары иеленді, олардың иелері 26 ел үшін алдын ала виза алуы қажет.

Соңғы орында Ауғанстан төлқұжаты тұр, бұл елдің азаматтарына тек бес елге визасыз кіруге рұқсат етіледі.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная