Альпі баурайындағы қайғылы оқиға: турист шаңғышымен соқтығысып қайтыс болды

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Францияның Альпі тауларында қайғылы оқиға болды: екі шаңғышы соқтығысып, салдарынан 62 жастағы ұлыбританиялық турист әйел қаза болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі DailyMail-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Францияның Альпі тауларында қайғылы оқиға болды: екі шаңғышы соқтығысып, салдарынан 62 жастағы ұлыбританиялық турист әйел қаза болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі DailyMail-ға сілтеме жасап.

Оқиға қауіпті және күрделі беткейімен танымал Эгюий-Руж аймағындағы жолда болған. Британдық әйел шаңғыны басқара алмай, өз отандасы 35 жастағы ер адаммен бетпе-бет соқтығысқан.

Оқиға болған жерге құтқарушылар жедел жеткен. Дегенмен, дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, әйелді құтқару мүмкін болмады – ол оқиға орнында көз жұмды.

Реклама
Реклама

Қауіпсіздік қызметі өкілінің пікірі

Лез-Арк тау-шаңғы аймағындағы еңістердің қауіпсіздік қызметінің директоры Филипп Жаненнің айтуынша, оқиға болған кезде ер адам негізгі жолдың астындағы шағын шығыңқы орында қозғалыссыз тұрған. Сонымен қатар, ол оқиға болған кезде трассаның тиісті күйде болғанын және шаңғымен сырғанауға жақсы дайындалғанын атап өтті.

Ер адамның жағдайы

Әйел соқтығысқан ер адамның аяғы сынғаны белгілі болды. Ол тез арада жергілікті медициналық орталыққа жеткізіліп, қажетті көмек көрсетілді.

Тергеу жұмыстары

Жергілікті прокурор Бенуа Башленің мәлімдеуінше, Альп полициясы оқиғаның нақты мән-жайын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастаған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная