Альпідегі Штубай мұздығында сегіз шаңғышы қар көшкініне тап болды. Оқиға орнында 250-ден астам құтқарушы жұмыс істеп, тікұшақтар мен таулы-құтқару қызметінің иттері жұмылдырылған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Euronews-ке сілтеме жасап.
Топ белгіленген және өңделген жолдардан тыс жерде сырғанаған. Болжам бойынша, олар беткейден өткен кезде қар көшкінін өздері тудырған.
Құтқарылған бірнеше шаңғышы жеңіл жарақат алған, алғашқы медициналық көмек сол жерде көрсетілді. Үшеуі тікұшақпен ауруханаға жеткізілді. Топ құрамында Германия, Болгария азаматтары және бір австриялық болған.
Қарашаның басында Италияның Оңтүстік Тироль өңірінде қар көшкіні салдарынан Германияның бес шаңғышысы қаза тапқан еді. Марқұмдардың арасында әкесі мен оның 17 жастағы қызы болған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!