Испанияда жаңа алаяқтық түрі – туристерді "құшақтасу" арқылы алдауы мүмкін екені туралы ескертілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Birmingham Hall басылымына сілтеме жасап.
Бұл алаяқтықтың түрі Мадридте пайда болған. Жергілікті полицейлер туристерге "достастықпен" жақындаған алаяқтардан 40 мың еуродан аса қаражат, 11 сағат және бірнеше зергерлік бұйым тәркілеген.
Әдетте бұл алаяқтықты ер мен әйел дуэті ұйымдастырады. Әйел туристке: "Амиго, кел құшақтасайық" деп ұсыныс жасап, оның назарын аударып тұрады, ал ер адам осы сәтте оның қалталарынан телефон, ақша және басқа да бағалы заттарын ұрлайды. Туристің бейтаныс адаммен құшақтасуға мәжбүр болғанынан туындайтын қобалжуы да алаяқтарға көмектеседі.
Полиция тек туристердің жеке заттарына ғана емес, сонымен қатар жергілікті тұрғындардың демалушыларға деген теріс көзқарасының өсуінен олардың қауіпсіздігіне де алаңдаулы.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!