Анталияда қонақүйлер цунамиден қорғана бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Осы аптаның басында Түркияның Анталия курортында нөсер жаңбыр кейбір қонақүй иелерін алаңдатып қойды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Осы аптаның басында Түркияның Анталия курортында нөсер жаңбыр кейбір қонақүй иелерін алаңдатып қойды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Қонақүй басшылары қандай да бір себептермен курортта цунамиден сақтана бастады, сәйкесінше кейбір қонақүйлер алдын  алу, бірақ жеткіліксіз қорғаныс шараларын қабылдап жатыр.

Дүйсенбіден бастап Түркияда ауа райы нашарлады, түнде қатты нөсер жауып, теңізде дауыл болды.

Нәтижесінде, қонақүй иелерінің бір бөлігі дүрбелеңге түсті. Turizmajansi газетінің мәліметінше, Анталиядағы Манавгат ауданындағы Евенсеки туристік аймағындағы қонақүй иесінің қабылдаған шаралары туристерді де, қонақүйдегі кәдесый дүкендерін жалға алушыларды да "таңғалдырды".

"Бұл қонақүйдің имиджіне және барлық жалға алушыларға қаржылық зиян келтірді. Біз онсыз да коронавирус пандемиясының салдарынан тұрақты төлемдер жасай алмай отырмыз", - деп шағымданды кәсіпкер.

Еске салайық, цунами нөсердің салдарынан пайда бола алмайды. Цунами - су астындағы жер сілкінісінің нәтижесі. Алайда, бір жыл бұрын Түркияның тағы бір курорттық аймағы - Измир де цунамиден қорғанған. 

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная