Антальяда қонақүйде жұмыс істеген 27 жастағы қазақстандық қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ихлас ақпарат агенттігі

Түркияның Анталья провинциясында жол апаты салдарынан 27 жастағы қазақстандық Құбат Аманбеков қаза тапты, - деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі İhlas Haber Ajansı-на cілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркияның Анталья провинциясында жол апаты салдарынан 27 жастағы қазақстандық Құбат Аманбеков қаза тапты, - деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі İhlas Haber Ajansı-на cілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 11 мамырда сағат 03:00 шамасында Серік ауданындағы туристік жолда болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, жігіт велосипедпен келе жатып, таксимен соқтығысқан. Автокөлік велосипедшіні артынан қаққан. Соққының қатты болғанынан қазақстандық жолға ұшып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Такси жүргізушісі жауап алу үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді. Апат дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жарнама
Жарнама

Құбат Аманбеков бес жұлдызды қонақүйде даяшы болып жұмыс істеген. Оның мәйіті Антальяның сот-медициналық сараптама мәйітханасына жіберілді.

TengriTravel

Жарнама
Жарнама