Әуежайда ер адамның асқазанынан бір келі есірткі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay © pixabay

Санкт-Петербургтің "Пулково" әуежайында асқазанына бір келі есірткі салып өтпек болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РФ Федералды кеден қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Санкт-Петербургтің "Пулково" әуежайында асқазанына бір келі есірткі салып өтпек болған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РФ Федералды кеден қызметіне сілтеме жасап.

"25 жастағы ер адам жедел тергеу шаралары барысында ұсталды. Ол Ресейге Бразилиядан "сұйық" есірткі партиясын жеткізген. Шамамен ол осы есірткіні жеткізіп бергені үшін 300 мың рубль (2 286 708 теңге) алуы керек болған. 32 кішігірім контейнерге салынған есірткіні ол асқазан-ішек жолдарына жасырған", - деп жазды ведомство өкілдері Telegram-каналда.

Сонымен қатар, "Пулково" әуежайының маңында құқық қорғаушылар Ресей азаматшасын ұстады, ол есірткіні күтіп алып қала аумағында сатуы керек болған. Ол әйел осы контрабандалық каналдың ұйымдастырушысы екені анықталды.

Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қаскөйлер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная