Пуэрто-Рико әуежайының реттеушісі TikTok-та видео жариялады. Онда ол ұшқыштарды аэродромға қалай бағыттау керегін нақты көрсетеді және сигналдардың мағынасын жарық таяқшасымен түсіндіреді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Видеода аэродромда екі жарық таяқшасы бар қыздың нұсқау беріп, Boeing 737 ұшқышына тұрақ жолын қалай меңзейтіні көрсетілген.
@medousastoneHope you guys like this!! ?? ##rampagent ##southwestairlines ##airplane ##b737_800 ##marshalling✈️✈️? ##sjuairport ##fypシ
♬ original sound - JennyМәселен, ол оң қолын түсіріп, сол қолымен оң жаққа көрсетсе, ұшқыш ұшақты оңға қарай бұрады және сол қолын түсіріп, оң қолымен сол жақты көрсетсе, солға бұрылады. Ал екі қолын бірден көтеріп қозғалтса, ұшқыш тура жүреді.
Қимылмен түсіндірілген видео жарияланғаннан бері 8,9 миллионнан астам қаралды және тоғыз мыңнан аса адам пікір қалдырды. Олар қызды мадақтап, алғыс білдірді: "осындай қызметіңіз үшін рақмет, сіздің жұмысыңыз маңызды", "мен сол және оңды шатастыратын шығармын", "ешкім мұны жасаудың қаншалықты қорқынышты екенін жазбайды".
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!