Австрияда әуе шарымен ұшу кезінде тоғыз адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Австрияда әуе шарымен ұшу кезінде тоғыз адам зардап шекті © Bild: Einsatzdoku

Австрияда әуе шары ұшу кезінде апатқа ұшырап, соның салдарынан тоғыз адам зардап шекті, - деп хабарлайды Kurier.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Австрияда әуе шары ұшу кезінде апатқа ұшырап, соның салдарынан тоғыз адам зардап шекті, - деп хабарлайды Kurier.

Оқиға Төменгі Австрия федералдық жерінде болды. Туристер әуе шарымен саяхаттаған. Қону кезінде адамдар тұрған кәрзіңке төңкеріліп, төрт адам құлап кеткен, олардың арасында ұшқыш пен қызметшілер де бар. Оларды бірнеше метрге сүйреген.

Ал қалған бес адам қайтадан әуеге көтерілген, сөйтіп орманда талға ілініп қалған. Ауыр жарақат алған екі адам тікұшақпен ауруханаға жеткізілді. Қалған жетеуіне оқиға орнында көмек көрсетілді. Винер-Нойштадт прокуратурасы тергеу шараларын бастады.

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;