Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағы Бакуге шұғыл түрде оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Day.Az сайтына сілтеме жасап.
J2-8717 лайнерінің капитаны әуежайдан ұшып шыққанан кейін бірден Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайға оралуды шешкені хабарланды. Әзірбайжан әуе жолдары бұл шешімнің Махачкала үстіндегі әуе кеңістігін жабу туралы NOTAM хабарламасын алғаннан кейін қабылданғанын мәлімдеді.
Ұшақ Бакуде жергілікті уақыт бойынша 10:13-те сәтті қонды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!