Багаж үшін төлегісі келмеген жігіт чемоданын бөлшектеп тастады

видеодан үзінді

Жолаушы әуежайда багаж үшін қосымша ақы төлегісі келмей, сөмкесін бөлшектеп тастады. Осы оқиғаның видеосы TikTok желісінде вирусқа айналды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жолаушы әуежайда багаж үшін қосымша ақы төлегісі келмей, сөмкесін бөлшектеп тастады. Осы оқиғаның видеосы TikTok желісінде вирусқа айналды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Independent мәліметінше, видео Эдинбург әуежайында түсірілген және 4,6 миллион қаралып жинаған. Сондай-ақ шамамен 150 мың лайк басылған.

"Әуетасымалдаушы жолаушыларға тек бір ғана сөмке (қол жүгін) алуға рұқсат береді, алайда оның көлемі стандартқа сай болуы тиіс. Оның дөңгелектері де есепке алынады. Вирусқа айналған видеода ер адам әуекомпанияның өлшеу рамкасына чемоданын сыйғызбақ болады, алайда бұл ісін ол сөмкесіне ешбір "аяушылық" танытпайды", - деп жазады басылым.

Реклама
Реклама

Жолаушы багаж үшін қосымша ақы төлегісі келмеді және өз жақындарының көз алдында стандартқа сай етуге барын салды.

"Ер адам чемоданның стандартқа сай еместігін түсінген кезде, ол оның үстіне секірді. Содан оның бір бөлігі бөлініп қалды, сосын тағы бір бөлігі... Жолаушы қайтадан тексереді, сонда да сыймайды. Ол әуежай қызметкерімен сөйлескеннен соң, чемоданның дөңгелектерін сындырып тастады", - дейді оқиғаның куәгері.

Оның бұл әрекетін көпшілік әзілге айналдырды, сондай-ақ қолдаушылары да табылды.

Олардың бірі былай деп жазды: "Небары бір екі дюйм үшін жібермей тұрғаны қызық".

Тағы біреуі былай жазды: "Біршама адам одан да үлкен сөмкемен өтіп кетті, әділдік қайда?".

@fxny_stn 😂😂🤌🏼 #edinburgh #airport #foryou #fyp ♬ Image of cute and bright children and small animals - fasorashi-do

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная