Бали билігі шетелдік туристерге ережелерді қатаңдатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бали губернаторы Ваян Костер аралға келетін барлық шетелдік туристке қатысты жаңа ережелерді бекітті. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – туризм саласының сапасын арттыру және аймақтың мәдени мұрасын сақтау, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Bali Sun дерегіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бали губернаторы Ваян Костер аралға келетін барлық шетелдік туристке қатысты жаңа ережелерді бекітті. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – туризм саласының сапасын арттыру және аймақтың мәдени мұрасын сақтау, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Bali Sun дерегіне сілтеме жасап.

Губернатор Костердің айтуынша, кейінгі 1,5 жылда болған өзгерістер мен қиындықтар нормаларды қайта қарауға себеп болған. Бали билігі жаңа ережелердің қатаң сақталуын қадағалайды және олардың орындалуын бақылау үшін арнайы топ құрды. Ережелерді бұзғандарға қатаң шаралар қолданылады.

Туристерге қатысты негізгі ережелер

  • Храмдар, діни белгілер және қасиетті орындарға құрметпен қарау;
  • Жергілікті дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды және мәдениетті сақтау;
  • Қоғамдық орындар мен діни мекемелерде жарасымды, жабық киім кию;
  • Туристік салықты lovebali.baliprov.go.id сайты арқылы төлеу;
  • Көрікті жерлерге тек лицензиясы бар гидпен бару;
  • Валютаны тек Индонезия банкі мақұлдаған ресми орындарда айырбастау;
  • Төлемдерді тек QR-кодтар арқылы және индонезиялық рупиямен жүргізу;
  • Жол ережелерін сақтау, халықаралық немесе ұлттық жүргізуші куәлігінің болуы;
  • Тек лицензиясы бар қонақүйлерде тұру және ресми көлік қызметін пайдалану.

Тыйым салынған әрекеттер

  • Қасиетті храм аймақтарына (Utamaning Mandala және Madyaning Mandala) дәстүрлі балийлік киімсіз немесе діни мақсатсыз кіру;
  • Қасиетті ағаштарға өрмелеу, діни орындарда әдепсіз қылық көрсету;
  • Қоршаған ортаны ластау, бір рет қолданылатын пластикті пайдалану;
  • Агрессивті мінез-құлық, дөрекі сөздер айту, әлеуметтік желілерде өшпенділік тудыру;
  • Ресми рұқсатсыз жұмыс істеу және бизнес жүргізу;
  • Флора, фауна және мәдени артефакттерді заңсыз сату.

Губернатор Костер барлық туристі жергілікті дәстүрлер мен мәдениетті құрметтеуге шақырды. 2025 жылғы 29 наурызда өтетін қасиетті Ньепи тыныштық күні қарсаңында бұл ережелерді сақтау ерекше маңызды екенін атап өтті.

Жергілікті тұрғындар заңбұзушылықтарды хабарлау үшін WhatsApp желісіндегі 081-287-590-999 жедел желісіне жүгіне алады. Бали полициясы мен арнайы туристік қызметкерлері жаңа ережелердің орындалуын қатаң бақылайтын болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная