Бельгиялықтар қаланың ауасын тазартудың жолын тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Брюссель қаласында 25 жасқа дейінгі жастар қоғамдық көлік қызметін тегін пайдаланатын болады, - деп хабарлайды "ЕвроПульс".


Иконка комментария блок соц сети

2021 жылдың қыркүйек айынан бастап Брюссель қаласында 25 жасқа дейінгі жастар қоғамдық көлік қызметін тегін пайдаланатын болады, - деп хабарлайды "ЕвроПульс".

Бірақ бұл жеңілдік тек белгиялықтар үшін ғана жарамды, шетелдік туристер жол ақысын төлейді. Бельгия астанасының қоғамдық көлік операторы, STIB компаниясы ары қарай 65 жастан асқан азаматтар үшін де осындай мүмкіндік қарастырылатынын айтады. Әзірге оларға билет сатып алуға және көлік карталарын алу үшін жеңілдіктер бар.

STIB өкілдері компания болашақта барлық тұрғындар үшін қоғамдық көлікті тегін ету ойы барын жасырмады. Жоба авторлары адамдардың қоғамдық көлікпен жүруге қызығушылығы артып, жеке көліктен бас тартса деген ойда және соның нәтижесінде Брюссельде ауа біршама тазаратын болады. 

Мұндай шараны Еуропаның басқа да елдері қолданып жүр. Мысалы, биыл Парижде 18 жасқа дейінгі балаларға оқу жылында жол ақысы тегін болды. Люксембургте қоғамдық көлік қызметін пайдалану толықтай тегін. Прагада түтінтұман (смог) кезінде билет үшін ақы төленбейді.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная