"Бізге бұйырған дәретханалар". Көк Жайлау мен Көлсай инфрақұрылымына туристер шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Туристер "Іле Алатауы" және "Көлсай көлдері" ұлттық парктерінің аумағындағы инфрақұрылымға шағымданды. Атап айтқанда, олар ескі дәретханалар мен көшеде жаңадан қойылған жұмыс істемейтін дәретханалардың жағдайына наразы болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Туристер "Іле Алатауы" және "Көлсай көлдері" ұлттық парктерінің аумағындағы инфрақұрылымға шағымданды. Атап айтқанда, олар ескі дәретханалар мен көшеде жаңадан қойылған жұмыс істемейтін дәретханалардың жағдайына наразы болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Көлсай

Көлсай көліне келушілердің бірі бұл мәселе туралы айтты. Ол тамыздың соңында барып, дәретхана таба алмаған. Әйелдің айтуынша, автотұрақ аумағында екі жаңа көше дәретханасы салынған, бірақ олар қандай да бір себептермен жабық. Сондай-ақ, ол жұмыс істейтін жақын маңдағы дәретханаларды көрсетті. Алайда, турист оған кіру мүмкін емес екенін атап өтті: лас болған. Әйел осы пластикалық құрылымдардың жағдайын түсірген.

"Бұл деген сұмдық қой. Бес миллион теңге тұратын дәретханалар экспонаттар сияқты тұр және жабық. Адамдардың табиғи қажеттілігін орындайтын орын жоқ. Көңіліміз қалды", - делінген видеоның жазбасында.

Оқырмандар жазбаның авторымен келісіп, пікір жазды.

Бұл жағдайға "Көлсай көлдері" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдері жауап берді. Әкімшілік бүгінде ұлттық парк аумағында 12 көше дәретханасы мен 15 биодәретхана барын айтты. Саябақта олар ағаш дәретханалардан толықтай бас тартқан, тек кейбір алыс маршруттарда қалдырылған.

"Бұл айтарлықтай ілгерілеу. Ал қолда бар 12 көше санитарлық-гигиеналық тораптардың бесеуі істеп тұр. Қазір олар су болмаған соң жұмыс істемейді, өйткені суды тасымалдаушылар жеткізеді. Иә, су әлі әкелінбеген және ол дәретханалар істемей қалатын кездер болады. Бірақ әрдайым балама бар - жақын жерде биодәретхана бар", - деді "Көлсай көлдери" баспасөз қызметіндегілер.

Жақында ұлттық парк тағы бір автономды көше дәретханасын сатып алады. Ол жаңбыр суын тұтынады және оны қайта пайдаланады. Бұл дәретханаға ақша саябақтың арнайы шотынан бөлінеді.

"Сондықтан барлық сынға қарамастан, біздің ұлттық паркте көше дәретханалары бойынша жұмыс жақсы жүріп жатыр және ол жалғасады деп санаймыз. Сіздерді хабардар етеміз", - деп қорытындылады "Көлсай көлдері" МҰТП.

Көк Жайлау

Көк Жайлау шатқалы аумағында да жұмыс істемейтін көше дәретханаларына қатысты осындай мәселе қозғалды. Қыркүйек айының басында турист осындай дәретхананың біріне тап болды. Оның айтуынша, дәретхана жаңа көрінеді, бірақ есігі жабық. Ер адам жақын жерде ағаш дәретхана бар, бірақ ол тым лас екенін айтты. 

Іле Алатауы ұлттық паркі әкімшілігінің мәліметінше, бұл видео өзеннің шатқалында түсірілген. Көше дәретханасы жеке құрылыс компаниясының қаражаты есебінен салынған.

"Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталған жоқ. Нысан әлі пайдалануға берілмеген. Аталған дәретхана ұлттық парк аумағында орналасқан, алайда парк балансына әлі берілмеген", - деп хабарлады "Іле Алатауы" МҰТП.

Тengrinews.kz редакциясы ол нысанды тұрғызып жатқан компанияның баспасөз қызметінен түсініктеме сұрады. Онда олар құрылысты аяқтағанын хабарлады, бірақ дәретхананы ұлттық парктің балансына беру рәсімі әлі аяқталмаған.

"Бұл көше дәретханасы салынып бітті, бірақ нысанды Іле Алатауы ұлттық паркіне тапсырыс берушіге тапсыру рәсіміне байланысты әлі ашылған жоқ. Қыркүйек айының соңына дейін біз ресми құжаттаманы рәсімдеу процедурасының аяқталуын күтудеміз. Содан кейін бірден ұлттық парк көшедегі дәретхананы пайдалануға жол ашады", - деп атап өтті компания.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная