Чапаррастик жанартауы оянды - видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чапаррастик жанартауы оянды - видео © pixabay.com

Тынық мұхитының жағалауында орналасқан Сальвадор республикасының шығысындағы Чапаррастик жанартауының белсенділігі артты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Abcnews.go.com порталына сілтеме жасап.

"Чапаррастик жанартауының белсенділігі артты, ол бірінші деңгейіндегі интенсивтілік атқылау фазасында тұр... Орта есеппен күн сайын 14 рет газ, бу және күл лақтырып жатыр. Үш муниципалитет жоғары дайындықта", - деді Сальвадор республикасының азаматтық қорғаныс қызметі директоры Луис Алонсо Амайя.

Шенеуніктің айтуынша, жексенбіден бері жанартау аумағындағы қауіпсіздік радиусы 6 шақырымға өскен. Сол себепті жақын маңда орналасқан муниципалитет тұрғындары бетперде тағу керектігі айтылды.

Құтқарушылар 10 мың адамды сыйдыра алатын 26 уақытша баспана әзірлеген және табиғи апат болған жағдайда қалай әрекет ету керектігін түсіндіріп жатыр.

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;