Дубайда роботаксиді ұшыруға дайындық басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дубай, фото @Pixabay Дубай, фото @Pixabay

Ұшқышсыз көлік өндірушісі Cruise 2023 жылы роботаксиді ұшыруға дайындық аясында Дубай көшелерін картаға түсіре бастайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Techcrunch.com сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ұшқышсыз көлік өндірушісі Cruise 2023 жылы роботаксиді ұшыруға дайындық аясында Дубай көшелерін картаға түсіре бастайды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Techcrunch.com сайтына сілтеме жасап.

Cruise өзінің автономды екі Chevrolet Volt электромобильдерін қаланы картаға түсіруді бастау үшін жіберді.

Жұмыстар 24 шілдеде Джумейра ауданында - жағажай бойындағы тұрғын үй жолағында басталды. Радар, лидар (қашықтықты жарық шығару және қайтару уақытын өлшеу арқылы өлшейді) және камералар сияқты арнайы сенсорлары бар екі автомобиль қазір қоршаған орта туралы мәліметтерді жинайды. Автомобильдерді арнайы дайындықтан өткен адамдар басқарады. Кейінірек жиналған ақпараттың көмегімен автономды драйвер үшін виртуалды карта жасауға болады.

Cruise 2029 жылға дейін Дубайдағы эксклюзив роботакси провайдері болып таңдалды. Бұл келісімге өткен жылдың сәуірінде қол қойылды. Дубайдың мұрагер ханзадасы Хамдан ибн Мұхаммед әл Мактум 2030 жылға қарай дрондарға сапарлардың 25 пайызын аудару туралы бастама көтеруде. Осылайша, 2030 жылы 4000 пилотсыз автомобиль болады деп жоспарланған.

Қазіргі уақытта Дубайда пилотсыз жүргізу қызметін ұсыну процесі қандай болатыны туралы мәселе ашық күйінде қалып отыр.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная