Дубайдан ұшып келген екі қазақстандықтан COVID-19 анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дубайдан ұшып келген екі қазақстандықтан COVID-19 анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, 12 қаңтардан бері Қазақстанға COVID-19 анықтамасыз 94 жолаушы ұшып келген.

"ПТР-талдау нәтижелері бойынша, 2021 жылдың 12 қаңтарында Қазақстанға анықтамасыз келген 94 адамның ішінде Дубай-Алматы рейсімен ұшып келген екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Ведомство мәліметінше, 13 қаңтарда Қазақстан аумағына Германия, Нидерланды, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Жарнама
Жарнама