Еуропаның адам көп тасымалдайтын әуежайлары аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Еуробақылау сарапшыларының мәліметінше, 13-19 шілде аралығында Еуропа бойынша күніне орта есеппен 30 509 рейс жасалды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Eurocontrol сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Еуробақылау сарапшыларының мәліметінше, 13-19 шілде аралығында Еуропа бойынша күніне орта есеппен 30 509 рейс жасалды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Eurocontrol сайтына сілтеме жасап.

Нәтижесінде Ыстамбұл (Түркия) әуежайы Еуропадағы ең көп жұмыс істейтін әуежай болды. Әуежайдағы рейстер жиілігі 2019 жылмен салыстырғанда 5 пайызға өсті. Бір қызығы, Анталия әуежайы да осы тізімге кірді. Ол 7-ші орынға ие болды.

Қалған көшбасшылардың бірі - Ұлыбритания. Онда күн сайын 5 мың 708 рейс жасалады, одан кейін Испания орташа есеппен 5 мың 259 рейс және Германия 4 мың 896 рейс орындайды.

Әуекомпаниялардың ішінде Ryanair ұшу қарқындылығы бойынша бірінші орынға ие болды. Оның ұшу саны пандемияға дейінгі деңгейге қарағанда 12 пайызға өсті және ол 2 944 рейсті орындады. Ryanair-ден кейін easyJet 1583 рейспен тіркелді. Үшінші орында Turkish Airlines болды, ол орташа есеппен тәулігіне 1512 рейс жасайды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная