Францияда туристер паромы украиналық босқындар үшін қонақүйге айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© shutterstock © shutterstock

Франция билігі Марсельде украиналық босқындарды орналастырудың ерекше жолын тапты: жағалауда тұрған ескі туристік паромды босқындар қонақүйіне айналдыру шешімі қабылданды. Француздық БАҚ мәліметінше, онда 1 600-ге жуық адам қоныстана алады екен. Осылайша паром Франциядағы украиналық азаматтарды қабылдайтын ең ірі орталық болды. 

Иконка комментария блок соц сети

Corsica Linea-ға тиесілі ірі кемелердің бірі Méditerranée негізінде туристерді Франция, Алжир, Тунис сынды елдер арасында Балеар теңізі арқылы таситын. Су көлігі жылдамдығын сағатын 44 шақырымға дейін үдете алады және әр барған сайын 2 450 турист пен 700-ге жуық автокөлікті сыйдыра алады. 

Коронавирус пандемиясы кезінде, лайнер екі жылдай портта тұрып қалды, енді ол украиналық босқындардың уақытша баспанасы болмақ. Босқындарды жөнделген каюталарда орналастырады. Лайнер теңізге тек маусымда шығуы мүмкін. 

"Бізде моральдық тұрғыда жылы қарсы алу және қонақжайлылық таныту талабы бар. Бұл суда жүзетін қонақ үй олардың иелігінде болады, сонымен бірге әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау, оқыту, балаларға білім беру, бала күтімі сынды жағдайлар жасалады. Ресейдің Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау бойынша арнайы операциясы басталғалы бері 3.9 миллионнан аса азамат Украинадан кетуге мәжбүр болды", – деді Францияның Прованс-Альпы-Көкшіл жағалау аймағының өкілі Кристоф Мирман.

Француз билігі Еуроодаққа босқындардың кіруіне уақытша рұқсат берген, соның арқасында босқындар білім алып, еңбек ете алады. 

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная