Гоа мен Гавай вакцина салдырған туристерден ПТР-тест талап етпейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Гоа мен Гавай аралдары вакцина салдырған туристерге қойылатын талаптарды жеңілдетеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Times Travel сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Гоа мен Гавай аралдары вакцина салдырған туристерге қойылатын талаптарды жеңілдетеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Times Travel сайтына сілтеме жасап.

Гоа штатының бас министрі Прамод Савант сапардың мақсатына - туризм, бизнес немесе жеке себептерге қарамастан, вакцина салдырған саяхатшылар кіру кезінде ПТР-тестінің теріс нәтижесі туралы анықтаманы ұсынбауы керегін мәлімдеді.

Министр Гоа-да жұқтырғандардың саны алты пайызға дейін төмендеп, сауыққандардың саны артқанын атап өтті. Сонымен қатар, 30 шілдеге дейін штат үкіметі халықтың 100 пайызына вакцинаның алғашқы дозасын егуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, 8 шілдеден бастап Гавай билігі АҚШ-тың басқа аймақтарынан вакцина салдырған туристер үшін ПТР-тестін талап етуді алып тастайды. Бұл туралы губернатор Дэвид Эйдж мәлімдеді.

Екпе салдырмаған саяхатшылар карантинге жіберіледі немесе ПТР-тестінен өтуі керек. Сонымен қатар, 8 шілдеде аралдардағы мейрамханаларға адам толымдылығын 75 пайызға дейін арттыруға рұқсат етіледі.

Жергілікті денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, қазір штат тұрғындарының 57 пайызы толығымен вакцина салдырған. Билік арал тұрғындарының 70 пайызы екпе салдырған кезде барлық сапар шектеуі алынып тасталады деп отыр.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная