Гоада бір айда үшінші туристің мәйіті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тourprom.ru Фото: Тourprom.ru

Үндістанның Гоа штатында тағы қайғылы жағдай болды. Шетелдік турист қайтыс болды. Бұл - осы курортта бір айда көз жұмған үшінші саяхатшы. Толығырақ жергілікті БАҚ жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom.ru басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Үндістанның Гоа штатында тағы қайғылы жағдай болды. Шетелдік турист қайтыс болды. Бұл - осы курортта бір айда көз жұмған үшінші саяхатшы. Толығырақ жергілікті БАҚ жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom.ru басылымына сілтеме жасап.

Hindustan Times газетінің мәліметінше, 66 жастағы ирландиялық туристің денесі Кандолим қаласындағы жалдамалы пәтерден табылған. Әйел қоңыраулар мен хабарламаларға жауап беруді тоқтатқаннан кейін оның достары пәтердің есігін сындырып кірген. Тергеу мәліметтері бойынша, әйел табылғанға дейін бірнеше күн бұрын қайтыс болған. Пәтер ішінен құлыпталған.

"Біз аутопсия туралы қорытынды мен оның достарының мәлімдемесіне сәйкес қосымша тергеу жүргіземіз", - деді Солтүстік Гоа полициясының бастығы журналистерге.

Бірақ бұған дейін тәртіп сақшылары елшілік марқұмды тексеру кезінде қатысатын өкілді тағайындауы үшін тиісті консулдықпен байланысуы керек.

Айта кетейік, оқиға ресейлік екі турист қайтыс болғаннан кейін екі аптадан кейін болды. Кейбір мәліметке сәйкес, олардың бірі актриса болып жұмыс істеген. Екә мәйіт сол аудандағы пәтердің әртүрлі бөлмесінен табылған.

Полиция бастапқыда зорлық-зомбылықпен өлтірілгені туралы ешқандай дәлел жоқ деп мәлімдегенімен, тергеу нәтижелері бойынша туристердің бірі тұншығып қалғаны анықталды. Полиция оның досын тұтқындады. Тағы бір ресейлік саяхатшының қалай қайтыс болғаны анықталып жатыр. 

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная