Гоада қазақстандық туристерге тегін виза беру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Үндістанда Гоа штатының туризм қауымдастығы (TAG) қазақстандық туристерге тегін виза беруді ұсынды. Олар үндеуін штаттың бас министрі Прамод Савантқа жіберді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Үндістанда Гоа штатының туризм қауымдастығы (TAG) қазақстандық туристерге тегін виза беруді ұсынды. Олар үндеуін штаттың бас министрі Прамод Савантқа жіберді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Туризм мен маркетингті ілгерілетуге арналған бюджет аясында халықаралық туристерді, оның ішінде қазақстандықтарды тарту үшін саяхатшыларды 2021 жылғы 1 наурыздан бастап 2022 жылғы 1 наурызға дейінгі кезеңге визалық алымдардан босату ұсынылды.

"Бұл туристер арасында танымал көрші елдердің бәсекелестігін жеңуге көмектеседі", - делінген Гоа бас туристік ұйымының хабарламасында.

"Біз қауіпсіз деп саналатын елдерден Гоаға чартерлік рейстерді жаңартуды ұсынамыз. Түрлі сауда ұйымы Ресеймен, Ұлыбритания, Польша, Украина, Финляндия, Қазақстан және ТМД-ның басқа елдерімен "туристік көпіршіктерді" құрастыруды ұсынады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

© pixabay.com

Үндеуде аталған тағы бір тармақ шетелдік әуекомпанияларға арналған жеңілдіктерге қатысты болды.

"Шетелдік әуетасымалдаушылар мен чартерлік рейстердің операторларын 2021 жылғы 1 наурыздан бастап бір жылға әуежайға қону алымдарынан босату қажет", - деп хабарлайды TTAG.

Гоа - Үндістандағы ең танымал курорттардың бірі. Ең алдымен, туристерді әртүрлі жағажай қызықтырады: құмы ақ жағалаулардан бастап Араб теңізінің түрлі-түсті жағалауларына дейін.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная