Хиросимадағы ядролық жарылыстан аман қалған сағат 14 миллион теңгеге сатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хиросимадағы ядролық жарылыстан аман қалған сағат 14 миллион теңгеге сатылды Фото: pixabay.com

Бостонда өткен аукционда Хиросимадағы ядролық бомбалаудан аман қалған сағат сатылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі RR Auction компаниясына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бостонда өткен аукционда Хиросимадағы ядролық бомбалаудан аман қалған сағат сатылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі RR Auction компаниясына сілтеме жасап.

Ұлыбританиялық сарбаз бір кездері жезден жасалған қол сағатты Хиросима аумағынан (Жапония) тауып алған. Сағат әбден күйіп, балқып кеткен екен.

Ал оның тілдері таңғы сағат 8:15-те қатып қалған.

Әйнегі бұлыңғыр болып кетсе де, анықтап қараса сандары көрінеді.

Аукционға шығарылған сағат 31 113 долларға сатылды (шамамен 14 046 197 теңге). Жеңімпаз өзінің аты-жөнін жария етпеуді өтінген.

"Көлемі кішірек болса да, бұл өте маңызды және тарихи жәдігер," - делінген аукцион сайтындағы хабарламада

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;