Иран халықаралық рейстерге әуе кеңістігін ашты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иран халықаралық рейстерге әуе кеңістігін ашты Фото:depositphotos.com

Иранның әуе кеңістігі Тегеранға ұшуға және одан халықаралық рейстерге ұшуға ашық. Бұл туралы Flightradar қызметі Х платформасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иранның әуе кеңістігі Тегеранға ұшуға және одан халықаралық рейстерге ұшуға ашық. Бұл туралы Flightradar қызметі Х платформасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Бұған дейін Иран билігі Израильдің соққыларына қарсы әуе кеңістігі жабылғанын жариялады, ол бірнеше рет ұзартылды.

"Енді Иранның әуе кеңістігі алдын ала рұқсатпен Тегеранға және одан халықаралық рейстерге ұшуға ашық", - деп жазылған Flightradar сервисінің хабарламасында.

Картада әзірге Иранның үстінен ұшқан ешқандай рейстер тіркелмеген, сонымен қатар, Тегерандағы Имам Хомейни халықаралық әуежайына ұшақтар келгені немесе кеткені туралы деректер жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Израиль атысты тоқтатуға келісті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;