Исландияда оянған жанартау бір қаланы жермен-жексен етуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: twitter/@MousaMky Фото: twitter/@MousaMky

Исландияның ең жас бөлігіндегі Рейкьянес түбегінде орналасқан Фаградальсфьялль жанартауы оянып, Гриндавик қаласын жер бетінен жойып жіберу қауіпін тудырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Исландияның ең жас бөлігіндегі Рейкьянес түбегінде орналасқан Фаградальсфьялль жанартауы оянып, Гриндавик қаласын жер бетінен жойып жіберу қауіпін тудырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, кейінгі тәуліктің өзінде түбекте шамамен 2800 рет 3.0 баллдан аспайтын жер асты дүмпуі болған. Соның салдарынан қаланың астында 15 шақырымдық дәліз пайда болған, ол жаққа магма ағылып жатыр. Бүт қала аумағында терең жарықшалар пайда болып жатыр.

"Қазіргі уақытта магма терең емес жерде ағып жатыр, сол себепті алдағы екі күнде атқылауы мүмкін", - дейді мамандар.

Сарапшылар магманың дәліздің кез келген жерінен атқылап, негізгі соққы Гриндавик қаласына келуі мүмкін деген болжам айтады.

Жанартаудың атқылауы бір аптаға созылады екен, сол себепті қаланың инфрақұрылымы мен тұрғындарына зиян келуі мүмкін.

Қазіргі уақытта аралға баратын барлық жолдар жабылған, тек әуежайға баратын жол ашық екен.

Полиция дереу қала тұрғындарын эвакуациялаған. Оларға қажетті заттары мен үй жануарларын алып кету үшін небары 15 минут берілген.

"Үйімізді енді қайтып көрмейміз деген ой өте қорқынышты. Алайда жағдай тым ушығып тұр. Исландиялықтар бұрын-соңды көрмеген апат болғалы тұр, кем дегенде Вестманнаэйяр жанартауының атқылауы секілді болмақ. Алайда біз үнжырғамызды түсірмек емеспіз, барлығын бірге еңсереміз", - дейді жергілікті тұрғындар.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная