Испанияда туристерге купон түрінде 250 еуро беріле бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Испания пандемиядан ең көп зардап шеккен елдер рейтингінде бірінші орынға шықты. Сондықтан билік турист тартуды қарашаға дейін ұзартып, кейбір шығынды өтейміз деген сенімде, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Испания пандемиядан ең көп зардап шеккен елдер рейтингінде бірінші орынға шықты. Сондықтан билік турист тартуды қарашаға дейін ұзартып, кейбір шығынды өтейміз деген сенімде, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Тourprom.ru мәліметінше, жергілікті шенеуніктер саяхатшыларға тегін купондар тарату үшін арнайы қосымшаны іске қосты. Өткен айда бұл акцияға тағы бір танымал курорт – Мальорка қосылды және оны өте сәтті өткізді. Қазір Ибица әр туриске ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра сайты деп жариялауының 22 жылдығына орай 22 еуроға ваучер таратып жатыр. 

Қонақүйге келгеннен кейін саяхатшы өзімен бірге турист алып келгені үшін QR-код алады. Сондай-ақ, тағы да акциялық купон беріледі, оның қолданысы шектеулі: 2021 жылдың 1 қыркүйегінен 15 қарашасына дейін жұмсау қажет. Ваучерлер туристік нысандарда, мейрамханаларда және қосымша қызмет көрсететін компанияларда қабылданады. Синеу, Инка, Ллюкмайор, Соллер, Санта Мария және Пальма сияқты кейбір негізгі курорттық аймақтың көрікті жерлері де осы акцияға қатысады.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная