Италияның солтүстігінде 20-дан аса жолаушысы бар туристік қайық суға кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Қайықта 25 адам болған, олар туған күн тойлаған. Сесто-Календе және Арона қалаларының аралығында қатты соққан желден қайық суға кетті, ал ондағы адамдар суда қалып қойды.
🔴 #Varese, imbarcazione ribaltata nel lago Maggiore, nelle acque antistanti Lisanza: salve 19 persone. Operazioni di ricerca in corso di alcune persone segnalate come disperse, #vigilidelfuoco al lavoro con soccorritori acquatici, sommozzatori, elicottero [#28maggio 20:45] pic.twitter.com/1cubDhLxg9
— Vigili del Fuoco (@vigilidelfuoco) May 28, 2023
Осы оқиға салдарынан кемінде екі адам қайтыс болды, тағы екеуі із-түссіз жоғалып кеткен. Құтқарушылардың айтуынша іздеу жұмыстары жалғасады, сондай-ақ тікұшақ пен санитарлық авиация тартылған.
Айта кетейік, жыл басында Италияның оңтүстік жағалауында босқындар мінген қайық апатқа ұшырап, 59 адам қайтыс болған еді.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!