Жаңа цифрлық Шенген визасының қандай болатыны жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Еурокомиссия Шенген визаларын цифрландыруды ілгерілетті. Цифрлық визаға қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Ол қашан пайда болады, қандай болады, сонымен қатар кейбір елдер оны пайдаланудан бас тартуға құқылы, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Еурокомиссия Шенген визаларын цифрландыруды ілгерілетті. Цифрлық визаға қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Ол қашан пайда болады, қандай болады, сонымен қатар кейбір елдер оны пайдаланудан бас тартуға құқылы, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

schengenvisainfo мәліметінше, ЕО жаңа платформа туралы қосымша ақпаратты, оның ішінде оның атауын және дәстүрлі жеке өтініш беру процедураларынан онлайн өтінімдерге өту кезеңін ашты. Сондай-ақ, инновацияны қанша уақыт күту керек деген негізгі сұраққа жауап берді. Өтпелі кезең ұзақ, жеті жылға дейін созылады, сондай-ақ ЕО-ға мүше елдер қаласа, жүйені пайдаланудан бас тарта алады.

"Өтпелі кезең жұмыс басталған күннен бастап жеті жылға созылуы тиіс. Осы кезеңде, егер мүше мемлекет платформаға қосылғысы келетінін шешсе, ол Комиссия мен eu-LISA-ға хабарлауы керек", - деп түсіндірді сарапшылар.

Сондай-ақ, олар цифрлық визаларға өтініш беру үшін қолданылатын платформаның атауы "ЕО визалық өтінім платформасы" (ЕО VAP) болатынын және оның домені ЕО-ның барлық ресми веб-сайттары сияқты Europe.eu деп аяқталатынын атап өтті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная