Жасөспірім найзағай түскеннен кейін қозғалып, сөйлей алмай қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Midjourney Midjourney

Миннесота штатының 13 жастағы тұрғыны Мила Ванг 2023 жылдың тамызында Флоридадағы жағажайда найзағай соққаннан кейін бір жылдан аса уақыт бойы қозғала алмай қалған. Сондай-ақ ол сөйлемейді және естімейді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Миннесота штатының 13 жастағы тұрғыны Мила Ванг 2023 жылдың тамызында Флоридадағы жағажайда найзағай соққаннан кейін бір жылдан аса уақыт бойы қозғала алмай қалған. Сондай-ақ ол сөйлемейді және естімейді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Анасы Нали Янг қиындықтарға қарамастан, қызының денсаулығы жақсарады деп үмітін үзбей отыр. Қайғылы жағдай 2023 жылдың тамызында, Мила анасы мен ағасы Джошуамен бірге Флоридада 12 жасқа толған күнін атап өтіп жатқанда болған. Отбасы Себастьян Инлет жағажайында демалып жатқанда, Милаға найзағай түскен. Жақын маңда болған Нали де зардап шекті, бірақ ол ауруханада тек бір күн болған, ал қызы ес-түссіз күйде қалып, айналасындағыларға ешқандай реакция танытпаған.

"Ол құлаған кезде денесі күйіп кеткен еді. Оның түрі өлген адамдай көрінді", – деді Нали.

Джошуа дереу әпкесіне көмек көрсетіп, жедел жәрдем келгенше оған жасанды тыныс беруді бастаған. Найзағайдан кейін Мила қатты күйік және ауыр бас сүйек-ми жарақатын алған. Оны жергілікті ауруханаға жеткізген, кейіннен тікұшақпен Орландодағы балалар ауруханасына ауыстырған. Сол жерде ол бір жылдан астам уақыт болды.

Демалу түтігін бір айдан кейін алып тастағанымен, қыздың жағдайында айтарлықтай жақсару болған жоқ. Өткен айда Миланы одан әрі ем алу үшін Сент-Полдағы медициналық орталыққа ауыстырды.

Анасы отбасына оралғанына қуанышын білдіріп, былай деді: "Мен өте бақыттымын, өйткені біз үйдеміз, жақындарымыздың жанындамыз. Енді ауруханада ұйықтамаймыз".

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная