Жолаушы ұшақта саяхатшыларға түкіріп, бортсеріктермен төбелесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жолаушы ұшақта саяхатшыларға түкіріп, бортсеріктермен төбелесті Фото: pixabay.com

Polish Airlines әуекомпаниясының жолаушысы ұшақ бортында бұзақылық жасап, рейсті тоқтатты. Бұл туралы New York Post жазады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Polish Airlines әуекомпаниясының жолаушысы ұшақ бортында бұзақылық жасап, рейсті тоқтатты. Бұл туралы New York Post жазады.

Оқиға Польшадан Канадаға ұшқан рейсте болды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам алдымен алкоголь құюдан бас тартқан экипаж мүшелеріне дауыс көтерген. Содан кейін жолаушыларға түкіріп, әуекемесінің есігін ашуға тырысты.

Жолаушыны тыныштандыру үшін бортсеріктерге бес адамның көмегі қажет болды.

"Ол бортсеріктермен төбелесіп, су бөтелкелерін лақтыра жаздады", - деді куәгерлер.

Салдарынан ұшқыштар Исландияға мәжбүрлі түрде қонды, онда барлық жолаушы келесі рейсті күту үшін қонақүйге орналастырылды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады
;