Жұмбақ жағдайда орманда жоғалып кеткен әйел 11 күннен кейін табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жұмбақ жағдайда орманда жоғалып кеткен әйел 11 күннен кейін табылды Фото: NPS Investigative Services Branch

Ютадағы орманда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен американдық турист екі апта іздеуден кейін тірі күйінде табылды. Бұл туралы CNN әйелдің туыстарына сілтеме жасап хабарлайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ютадағы орманда жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен американдық турист екі апта іздеуден кейін тірі күйінде табылды. Бұл туралы CNN әйелдің туыстарына сілтеме жасап хабарлайды.

38 жастағы Холли Куртье 6 қазан, сейсенбі күні Спрингдейл қаласы маңындағы Зайон ұлттық саябағында жоғалып кетеді. Белгілі болғандай, оны соңғы рет Грот ауданы аймағында аялдамада бірнеше жаяу жүргіншілер жолына апаратын шағын автобустан түскенін көрген.

Кейіннен саяхатшы жиналатын орынға қайта оралмаған және оның қай жерде болуы мүмкін екенін ешкім білмеген. Әйелді іздеу 11 күнге созылған.

Еріктілер, қорықшылар мен құтқару топтары Зайнонға келушілерден алынған ақпарат бойынша Куртьені тапқан. Оқиға нәтижесінде ол көп салмақ тастап, жарақат алған екен. Әйелді туыстарына тапсырып, ол жергілікті ауруханалардың біріне орналастырылыпты.

Әйелдің қандай себептермен жоғалып кеткені әзірге белгісіз.

TengriTravel
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты
;