Белгілі туристік орындардағы өршіп тұрған қалта ұрлығы нағыз "апат" болып тұр. Quotezone зертету компаниясы сараптама жүргізіп, туристерде бар мүліктің бәрін қолды ететін қалта ұрылары көп қалаларды атады. Сонымен қоса, ең қауіпті жерлер де айтылды және турситерге ұрлықтың алдын алу мен затыңызды ұрлап кетсе не істеу керегі жайлы кеңестер берілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Еуропадағы ең қауіпті туристік бағыт ол Италиняың тарихи орындары болып шықты. Жалпылай рейтинг мынадай:
Италия, әсіресе Рим және Милан сияқты туристік қалалар. "Римнің әйгілі тарихи орындары, Колизей, Треви субұрқағы және Пантеон ғибадатханасының маңында қалта ұрлығының қаупі өте жоғары. Миланның орталығындағы Дуомо соборы және Флоренциядағы Уффици галереясы туристер үшін қауіпті аймаққа кіреді. Франция, әсіресе Париж. 2015 жылы Эйфел мұнарасында қалта ұрлығы өршіп кеткендіктен қызметкерлер шеруге шыққан болатын. Нидерланды, әсіресе Амстердамда өзгеше "демалуды" қалайтындарды тонайды. Германия. Грекия.Сонымен бірге, әйгілі туристік қала Ыстамбұл да алғашқы ондықта - сегізінші орын.
Ал сарапшылардың туристерге кеңесі стандартты десе болады, алайда ол нәтижелі. Quotezone бас директоры Грег Уилсон шетелдік туристерге құнды зататрын қонақүйдегі сейфтерге тастап кетіп, өздерімен бірге ірі көлемде ақша алмауға кеңес береді. Сөмкеңіздің мықтып жабуылуы да сізді ұрылардан сақтай алады.
"Ал егер қалтаңызға ұры түсіп заттарыңызды қолды етсе, бірден полицияға арыздану қажет, осылай сіз оқиға туралы хабарлап, сақтандыруға өтінішті бере аласыз. Сонымен бірге, құнды құжаттарыңыздың сандық резервтерін жасап қойған абзал. "Телефонымды табу" қызметі сіздің ұрланған дүниелеріңізді қайтаруға септесуі мүмкін", - дейді сарапшы.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!