Камчаткада туристері бар тікұшақ көлге құлады: үш адам өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© RT / Instagram © RT / Instagram

Курил көлінің түбінен құлаған тікұшақта болған үш адамның, оның ішінде ұшқыштың мәйіті табылды. Бұл туралы Камчатка өлкесінің губернаторы Владимир Солодов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Курил көлінің түбінен құлаған тікұшақта болған үш адамның, оның ішінде ұшқыштың мәйіті табылды. Бұл туралы Камчатка өлкесінің губернаторы Владимир Солодов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап.

"ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, Кроноцкий қорығы, Камчатка өлкесінің күштері Курил көлінде іздеу операциясын жүргізіп жатыр. Ұшқыштың денесі жағаға шығарылды, тікұшақ сынықтары жатқан маңда су түбінде тағы екі адамның мәйіті табылды", - деді Солодов.

Ол жұмыс күндізгі уақытта жүргізілетінін айтты.

Бейсенбіде туристері бар Ми-8 тікұшағы Камчатканың оңтүстігіндегі Курил көліне құлады. Бортта үш экипаж мүшесі және 13 жолаушы, оның ішінде бір бала болған. Сегіз адам аман қалды, олардың екеуі жансақтауда. Төртеуі зардап шеккен жоқ. Аталған дерек бойынша қозғалыс қауіпсіздігі мен әуе көлігін пайдалану ережелерін бұзу туралы іс тергеліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная