Қайықпен серуендеген турист жартастың құлағанын видеоға түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Мичиган штатындағы (АҚШ) Жоғарғы көлде қайықпен серуендеген турист жартастың құлаған сәтін видеоға түсірді. Оқиғаның видеосын The Independent жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мичиган штатындағы (АҚШ) Жоғарғы көлде қайықпен серуендеген турист жартастың құлаған сәтін видеоға түсірді. Оқиғаның видеосын The Independent жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Америкалық Джон Мартин Жоғарғы көлде серуендеу кезінде жартастың үлкен бөлігінің құлағанын видеоға қалай түсіргенін айтты. Ол шамамен 200 фут (61 метр) жартастың бір бөлігін "жарылып, жарылып құлап" жатқан шуын естіген, ал бір минуттан кейін жартас бөлігі көз алдында суға батып кетті.

Видеода басқа жолаушылардың үрейленіп жатқан дауысын естуге болады. Олар жойқын толқын салдарынан қайық құлап кетпесін деп қорыққан.

Биіктігі 50-ден 200 футқа дейін (15-тен 61 метрге дейін) тау жыныстары Мичиган түбегіндегі ұлттық паркте Жоғарғы көлдің жағасын құрайды. Жартастардағы жарықтарға судың ағуы, өсімдіктердің белсенділігі немесе жер сілкінісі оның құлауына себеп болуы мүмкін. Температураның ауытқуы мен қатты жылу тау жыныстарының тұрақтылығына да әсер етуі ықтимал.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная