Қазақстандықтарға Вьетнамдағы маңызды жаңалық туралы ескертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Вьетнамда шетел азаматтарының келуі туралы алдын ала хабарлаудың жаңа жүйесі іске қосылды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Вьетнамда шетел азаматтарының келуі туралы алдын ала хабарлаудың жаңа жүйесі іске қосылды. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады Tengri Travel.

Не өзгерді?

Әңгіме шетел азаматтарының келуі туралы алдын ала хабарлау жүйесі - Pre-arrival Information (PAI) жайында болып отыр.

Жарнама
Жарнама

Сервис саяхатшыларға Вьетнамға сапары туралы ақпаратты сапарға шыққанға дейін онлайн режимде жіберуге мүмкіндік береді. Осыдан кейін деректерді елдің иммиграциялық қызметтері алдын ала тексереді.

Бұл төлқұжат бақылауынан өту уақытын қысқартуға және халықаралық әуежайлардағы кезектерді азайтуға көмектеседі деп күтіледі.

"Жаңа жүйе шетел азаматтарына сапар алдында Вьетнамға келуі туралы мәліметтерді онлайн режимде жолдауға мүмкіндік береді. Ұсынылған деректер негізінде иммиграциялық органдар қажетті тексерулерді алдын ала жүргізеді, бұл шекаралық бақылаудан өту уақытын қысқартуға және халықаралық әуежайлардағы кезектердің азаюына септігін тигізеді", - деп хабарлады Қазақстан СІМ.

Жүйе қай жерде жұмыс істеп тұр?

Қазіргі уақытта сервис Хошимин қаласындағы Таншоннят халықаралық әуежайында пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Болашақта жүйені Ханой, Дананг, Камрань және Фукуок әуежайларына, сондай-ақ басқа да мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріне кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған.

Форманы толтыру міндетті ме?

СІМ PAI жүйесі Вьетнамға кіру үшін міндетті шарт емес екенін нақтылады.

Сонымен қатар сервис визалық өтінімдерді ресімдеуге немесе қарастыруға арналмаған. Оның міндеті - тек сапар туралы ақпаратты алдын ала ұсыну.

Туристерге қандай ескерту жасалды?

Шетел азаматтарына тек ресми порталды пайдалану ұсынылады: Pre-arrival Information (PAI) жүйесі.

Сондай-ақ саяхатшылардан сақтық танытып, ресми ресурс ретінде көрінуі мүмкін бөгде сайттарды пайдаланбау сұралады. СІМ PAI визаны алмастырмайтынын және оны ресімдеу тәртібіне әсер етпейтінін еске салды.

Айта кетейік, Фукуок аралына баратын шетелдік туристерге енді сапар алдында электронды декларацияны алдын ала толтыру қажет. Жаңа талап 2026 жылдың 1 маусымында күшіне енді және ол Фукуок халықаралық әуежайы арқылы келетін барлық шетелдік жолаушыларға қатысты

Тағы оқыңыз: "Вьетнамдағы демалыс 210 мың теңгеге". Алматы тұрғыны сапардың нақты құнын атады

TengriTravel

Жарнама
Жарнама