Киносүйер қауым үшін: әлемде туризмнің жаңа түрі танымал болып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коллаж: Huffington Post Коллаж: Huffington Post

Сіз жазғы демалысты қалай жоспарладыңыз? Неліктен сүйікті фильм кейіпкерлерінің ізімен жүрмеске? Киноның сиқырлы әлеміне саяхаттау мүмкін емес, бірақ... Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata сервисі танымал фильмдер мен сериалдар түсірілген әсем жерлерге баруға болатыны жайлы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Сіз жазғы демалысты қалай жоспарладыңыз? Неліктен сүйікті фильм кейіпкерлерінің ізімен жүрмеске? Киноның сиқырлы әлеміне саяхаттау мүмкін емес, бірақ... Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata сервисі танымал фильмдер мен сериалдар түсірілген әсем жерлерге баруға болатыны жайлы баяндайды.

Кинотуризм – әлемде барған сайын танымалдығы артып келе жатқан туризмнің жаңа түрі. Кино және теледидар жанкүйерлері сүйікті фильмдері түсірілген жерлерге қиындықтар мен жоғары бағасына да қарамастан баруға дайын.

Жаңа Зеландиядағы Хоббитон ауылы - Сақиналар әміршісі және Хоббит трилогиясы

Фродо мен Бильбо Бэггинс тұратын жайлы Хоббитон қаласы ойдан шығарылған, бірақ фильмнің декорациясын шынымен тамашалауға болады. Жаңа Зеландияның Матамата қаласында Green Dragon Inn, Hobbit Holes және Mill сияқты түсірілім орындарына апаратын гид қызметімен қызықты экскурсиялар бар.

Петрадағы Эль-Хазне ғибадатханасы, Иордания - «Индиана Джонс және соңғы крест жорығы».

Шытырман оқиғалы сериалдың жанкүйерлері бала кезінен каньон қабырғасына ойып салынған Қасиетті Граалдың керемет және мистикалық ғибадатханасын көруді армандайды. Шын мәнінде, Эль-Хазне ғибадатханасы Петрадағы көне кесене болып табылады. Туристерге ішке кіруге тыйым салынған, бірақ ежелгі сәулет ғажайыптарын тамашалауға ешкім кедергі болмайды.

Дубровник, Хорватия - «Тақтар ойыны»

Хорватияның жағалауындағы Дубровник қаласында айдаһарлар жоқ, бірақ әсерлі готикалық сәулет және керемет пейзаж бар. HBO танымал сериалындағы Жеті Патшалықтың астанасы осы жерде орналасқаны таңқаларлық емес. Ескі қала аймағында сіз ең танымал жерлерге барып, әдемі фотосуреттер жасай аласыз.

Лондондағы Кингс Кросс вокзалы - «Гарри Поттер»

Әрбір өзін құрметтейтін Поттердің жанкүйері Лондондағы ең үлкен және ең шулы теміржол вокзалына келуді армандайды. Дәл осы жерде «9 және үш ширек» сиқырлы платформасы орналасқан, ол жерден тікелей Хогвартсқа баруға болады. Біз сізге кірпіш қабырғадан өтіп, әйгілі сиқыршылар мектебіне түсемін деп уәде бермейміз, бірақ сіз сиқырлы фотосессия ұйымдастыра аласыз.

Кауаидегі Ханапепе аңғары - Гавайидегі «Юра кезеңіндегі саябақ» және «Юра кезеңі әлемі».

Актерлар Исла-Нублар қаласына ұшқанда, олардың артында алып сарқырама ағып жатқан көрініс есіңізде ме? Гавайиге билет брондау арқылы оны өз көзіңізбен көре аласыз. Табиғат таңғажайыбы Кауаидағы жап-жасыл Ханапепе аңғарында орналасқан. Сонымен қатар, туристер үшін Юра саябағының айналасында тақырыптық экскурсиялар, атап айтқанда танымал фильм түсіру орындары бар.

Скеллиг Майкл аралы, Керри графтығы, Ирландия – «Жұлдызды соғыстар»: Күштің оянуы және «Жұлдызды соғыстар»: Соңғы джедаилар»

«Күштің оянуы» және «Соңғы джедаилар» фильмдеріндегі Ач-То тасты планетасын кім «ойнағанын» білесіз бе? Ирландияның шалғай бөлігіндегі Скеллинг Майклдың оңаша аралы. Фильм көріністерінің көпшілігі кез келген турист бара алатын 1500 жылдық гэль шіркеуінің фонында түсірілген.

Пойнт-Дюм, Малибу - «Маймылдар ғаламшары»

Калифорния жағалауындағы бұл қарапайым жағажай демалыс үшін тамаша орын ғана емес, сонымен қатар кино тарихындағы ең танымал сюжеттердің бір бөлігі болып табылады. «Маймылдар ғаламшарының» соңында кейіпкерлер «Бостандық» мүсінінің қирандыларына тап болмас бұрын, басқа ғалмшарда жүргеніне сеніп, сол жағажайда серуендейді. Мүсін Нью-Йорктегі орнында тұрса да, жанкүйерлер үнемі теңіз пейзажы фонында суретке түседі.

Бельвуар сарайы, Уилтон Хаус, Бургли үйі және Англиядағы Хэтфилд Хаус - «Тәж»

Әйгілі сериалдың түсірілімі Біріккен Корольдікте өтті, бірақ тек төрт ағылшын жері ғана шынайы монархиямен байланысты: Бельвуар сарайы, Уилтон Хаус, Бургли Хаус және Хэтфилд Хаус. Бельвуар сарайы мен Уилтонның үйі Виндзор мен Букингем сарайларының рөлдерін сомдады.

Байон ғибадатханасы, Камбоджа - «Лара Крофт: Мазар ұрлаушы»

Анджелина Джоли түскен фильмдегі тас сарай Комбоджада орналасқан. Керемет Байон ғибадатханасын Джаяварманның астанасы Ангкор Томда көруге болады. Ол бастапқыда будда шіркеуі ретінде салынған, бірақ қазір туристер Байонның иероглифтік өнерін және бейнелі мұнараларды көруге келеді.

Париждегі Cafe Des Deux Moulins («Екі диірмен») - «Амели»

Монмартрдағы атмосфералық кафе француз романтикалық комедияларының жанкүйерлері үшін міндетті түрде бару қажет орын. Осы типтік Париж мекемесінде фильмнің сүйкімді кейіпкері жұмыс істеді. Сіз өзіңізді париждік сияқты сезініп, Лепик көшесі, 15 мекенжайындағы Амели түсірілімінен фотосуреттер көре аласыз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная