“Көліктерді ағызып әкеткен“: Испанияның оңтүстігінде нөсер әлі де тоқтамай тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Испанияның оңтүстігінде нөсер әлі де тоқтамай тұр. Желіде табиғи апат салдары көрсетілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Испанияның оңтүстігінде нөсер әлі де тоқтамай тұр. Желіде табиғи апат салдары көрсетілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Daily Mail басылымы әртүрлі қалалардағы тұрғындарды құтқару сәттерін көрсететін видео жариялады. Ақпарат көздері мәліметінше, жауын-шашын үш аптаға жуық уақыт бойы толассыз жауып тұр.

Ұзаққа созылған жауын салдарынан кем дегенде үш адамның қаза тапқаны туралы хабарланды. "Лоранс" дауылы қатты жаңбыр мен су тасқыны салдарынан тұтас қалаларды су басып кеткен.

Басылым мәліметінше, дүйсенбіде Аньора қаласында жоғалып кеткен велосипедшінің мәйіті бес шақырым қашықтықта, Дос-Торрес қаласында табылған.

Сонымен қатар, құтқарушылар бірнеше күн бойы 70 жастан асқан ер адамды іздеген. Өкінішке қарай, азаматтық гвардия оның қайтыс болғанын растады, денесі табылды.

Сондай-ақ, полиция Севилья провинциясындағы Константина қаласында жоғалып кеткен ерлі-зайыптының қаза тапқанын растады. Олардың көлігін тасқын су ағызып әкеткен. Билік мәліметінше, көлік аударылып, ағысқа ілесіп кеткен. Құтқару қызметі сейсенбі күні әйелдің денесін тапты, ал сәрсенбіде оның жұбайының денесі анықталған.

Ақпарат құралдары мәліметінше, бейсенбіде Испанияға "Мартиньо" деп аталатын жаңа дауыл жақындап келеді. Бұл – соңғы екі аптада елге соққан төртінші дауыл.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная