Қонақүйде карантинде жатқан әйелді белгісіз біреу зорламақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Канада премьер-министрі Джастин Трюдоның бұйрығына сәйкес, елге келгендер арнайы қонақүйлерде өз есебінен үш күн карантинде болуы керек. Осындай қонақүйде жатқан туристердің кейбірі бөлмедегі жағдайдың нашар екеніне және қысым көргеніне шағымданды. Бұл туралы Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

Иконка комментария блок соц сети

Cаяхатшылардың кейбірі оқшаулау кезінде қысым көргенін айтты. Монреальда тоқтаған әйел түн ортасында белгісіз ер адамның бөлмеге қалай кіргенін және оны зорлауға тырысқанын мәлімдеді. Ол оқиғадан кейін 20 минут өткен соң бөлмеге келген қауіпсіздік қызметінің іс-әрекетін сынға алды.

Әйел мұның бәріне үкіметті кінәлады. Оның айтуынша, ол үкіметтің талабын орындаған, ал үкімет оның ақша төлеп жатқан орнында қауіпсіздік шараларын ұйымдастырмаған.

Сондай-ақ, көптеген турист қонақүйлерде тамаққа байланысты мәселелерді атап өтті. Оларға асты кеш әкелген. Суып қалған немесе бүлініп кеткен тамақ жеткізген. 

Карантинге арналған қонақүйде жатқан туристер екі мың доллардан төлеген және ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткенше сонда қалған.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная