Круиз лайнерінің 100 жолаушысы дауыл салдарынан зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді

Spirit of Discovery лайнері Канар аралдарында 14 күндік круизде болған. Саяхат кезінде ол ауа райының қолайсыздығына тап болып, армандағы демалыс түнгі сұмдыққа айналды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Spirit of Discovery лайнері Канар аралдарында 14 күндік круизде болған. Саяхат кезінде ол ауа райының қолайсыздығына тап болып, армандағы демалыс түнгі сұмдыққа айналды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жолаушылар 24 қазанда Ұлыбританиядан екіапталық круизге аттанған, алайда 28 қазанда дауыл тұру қауіпіне байланысты бағыттың ақырғы бөліктеріне бару шешімінен бас тартылған.

Соған қарамастан су кемесі жайсыз ауа райына тап болды. Кеме Бискай бұғазында дауылға тап болған. Кемеде қауіпсіздік жүйесі іске қосылған, сосын кенеттен кеме бір жанға қисайған.

БАҚ мәліметінше, лайнерде 1000-ға жуық жолаушы болған, кем дегенде 100 адам түрлі жарақат алған. Портсмут портына жеткенде бес адам жергілікті ауруханаға жеткізілген.

Неліктен Ұлыбританияға Бискай бұғазы арқылы қайту шешімі қабылданды деген сұраққа, комания өкілдері бастапқы тур бойынша немесе альтернатив бағытпен жүргенде кеме даулмен бетпе-бет соқтығысатын еді деп жауап берген.

Біршама уақыттан соң лайнер Ұлыбританияға аман-есен жеткен. Компания басшылығы сапар кезінде зардап шеккен барлық жолаушыдан кешірім сұраған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная