“Құшақтасуға үш минут“: Әуежайда ұзақ қоштасуға тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: newsbytesapp.com Фото: newsbytesapp.com

Жаңа Зеландия әуежайында ұзақ қоштасуға тыйым салатын белгі пайда болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жаңа Зеландия әуежайында ұзақ қоштасуға тыйым салатын белгі пайда болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Момонадағы Дунедин әуежайында жаңа белгілер қойылды, - деп жазады 9News. Жаңа ескертуде жолаушыларға жақындарын құшақтап қоштасуға небәрі үш минут уақыт берілетіні жазылған.

Әуежайдағы жаңалықтың суреті әлеуметтік желілерде тарап, кей қолданушылар бұл шектеудің адамгершілікке жатпайтынын талқылап жатыр. Дегенмен мұны жақсы идея деп санайтындар да бар. Тіпті бұл жобаны басқа әуежайларға енгізуді ұсынғандар да жетерлік.

Ескере кететін жағдай, жақындарымен көбірек уақыт құшақтасқысы келетіндер үшін әуежай автотұраққа баруды ұсынады. Онда қоштасуға 15 минут уақыт беріледі екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная