Lufthansa кейбір жолаушыларға жаңа алым енгізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com/ kbpspotter

Lufthansa әуекомпаниясы рейске тіркелгеннен кейін орын ауыстыру ережелерін өзгертті. Енді онлайн-тіркелу кезінде тегін орын алған, бірақ өз бетінше басқа бос орынды таңдағысы келетін жолаушыларға көп жағдайда қосымша ақы төлеуге тура келеді, - деп хабарлайды Tengri Travel.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Bild мәліметінше, жаңа ережелер 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді және Lufthansa Group әуекомпанияларының алыс магистральды рейстеріне қолданылады. Бұл өзгерістер Lufthansa, Austrian Airlines, Swiss, Brussels Airlines және Discover Airlines компанияларына қатысты.

Бұған дейін мұндай қағида қысқа және орта қашықтықтағы бағыттарда қолданылған болса, енді ол алыс қашықтыққа ұшатын рейстердің бір бөлігіне де қатысты болады.

Жарнама
Жарнама

Lufthansa секілді ірі тасымалдаушылардың қызметтердің көбін қосымша ақысыз ұсынатын дәуірі біртіндеп келмеске кетіп барады. Егер бұрын классикалық әуекомпаниялар тамақтану, багаж және басқа да сервистерді билет құнына қосуымен лоукостерлерден ерекшеленсе, бүгінде бұл айырмашылық азайып келеді: барған сайын көптеген қызмет ақылы бола бастады.

Бұл жерде әңгіме билетті сатып алу кезіндегі орын таңдау туралы емес, дәл тіркеуден өткеннен кейінгі орынды ауыстыру туралы болып отыр. Егер жолаушы орынды алдын ала брондамаса, check-in кезінде жүйе оған қолжетімді орындардың бірін тегін береді.

Осы уақытқа дейін көптеген саяхатшы қандай орындардың бос қалғанын көру және қажет болған жағдайда қосымша ақысыз ыңғайлырақ орынды таңдау үшін тіркеудің ашылуын арнайы күтетін. Енді тарифтердің бір бөлігі үшін мұндай мүмкіндік ақылы болады.

Lufthansa өкілі ережелердің өзгергенін растады.

"Жаңашылдықтың мәні мынада: тіркеу кезінде тегін орын берілген және кейін оны басқа бос орынға өз бетінше ауыстырғысы келетін жолаушылар бұдан былай ақы төлеуге тиіс болады", - деді компания өкілі.

Жаңа ережелер Economy және Premium Economy-дің жекелеген тарифтеріне қолданылады. Бұл ретте Lufthansa қызметтің бірыңғай бекітілген құнын белгілемейді. Алым мөлшері бағытқа, ұшу әуежайына және брондау уақытына байланысты бірнеше факторға қарай анықталады. Жолаушылар нақты соманы онлайн-тіркелу кезінде ғана көре алады.

Сондай-ақ компания бұл өзгерістердің барлық клиентке қатысты болмайтынын нақтылады. Қосымша алым, атап айтқанда, Flex тарифі бойынша билеті бар жолаушыларға және лоялдылық бағдарламаларының тиісті мәртебесі бар кейбір қатысушыларына қолданылмайды.


Жарнама
Жарнама