"Минотавр және жағажайлар". Грекиядағы Крит аралы туралы не білесіз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан азаматтары енді Грекиядағы Ираклионға Алматыдан тікелей рейспен ұша алады. Бұл біздің туристер үшін жаңа бағыт. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Крит аралында қандай жерлерге баруға болатыны жайлы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан азаматтары енді Грекиядағы Ираклионға Алматыдан тікелей рейспен ұша алады. Бұл біздің туристер үшін жаңа бағыт. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Крит аралында қандай жерлерге баруға болатыны жайлы баяндайды.

Критті аңыздар аралы деп те атайды. Қорқынышты Минотавр лабиринті, Зевс дүниеге келген үңгір, Дедал мен Икардың қайғылы оқиғасы - осы әйгілі мифтерден алынған жерлерді өз көзіңізбен көруге болады. Екінші жағынан, арал Жерорта теңізінің қақ ортасында орналасқан және көптеген тартымды жағажайларға ие. Біз ең қызықты жерлерге қалай жетуге болатыны және қанша тұратыны туралы ақпаратты сіздерге ұсынамыз.

Кносс сарайы және Минотавр лабиринті

Грекиядағы ең көп баратын және ең танымал сарайлардың бірі. Ғалымдар бұл әлемдегі ең бірінші көпқабатты ғимарат екенін болжайды. Оның орналасуы лабиринтке ұқсайды. Сондықтан Кносс сарайы жиі аңызға айналған Минотавр лабиринтімен байланысты. Ол қаладан оңтүстік-шығысқа қарай бес шақырым жерде орналасқан. Тарихшылардың айтуынша, бұл сарай біздің дәуірімізге дейінгі екінші мыңжылдықта тұрған.


Кносс сарайы. Сурет odysseus.culture.gr сайтынан

№2 автобус Ираклион орталығынан әр 10 минут сайын қатынайды. Билет бағасы бір жаққа 1,5 еуро (шамамен 700 теңге). Соңғы аялдамадан түсесіз. Криттегі бетперде тағу тәртібі алынды, бірақ қоғамдық көліктер мен медициналық мекемелерде бетперде кию әлі де міндетті екенін ескеріңіз. Сарайдың жұмыс уақыты: күн сайын таңғы 8-ден кешкі 7-ге дейін. Билет – 15 еуро (7 404 теңге), 18 жасқа дейінгі балалар – тегін. Сондай-ақ, Кносс сарайы мен Ираклион археологиялық мұражайына кіруге мүмкіндік беретін билетті 20 еуроға (9 872 теңге) сатып алу ұсынылады. Билет үш күнге жарамды.

Агиос-Николаос қалашығы

Агиос Николаос (әулие Николай қаласы) Крит аралында жергілікті Сент-Тропе ретінде өте танымал. Бұл елдегі ең жақсы курорттардың бірі. Күндіз бұл қала тыныш және жайлы болып көрінеді, бірақ түнде мұнда музыка дауысы мен көңілді туристер тобын байқайсыз.

Бұл жер бастапқыда балық аулайтын жер болып саналған. Балықшылар оны теңізшілердің қамқоршысы Әулие Николайдың құрметіне осылай атады. Қалада теңізге қосылған шағын тұщы суы бар Вулисмени көлі бар. Көлдің суы тұзды болған жоқ - ол әлі тұщы, ал мұнда теңізден бір-екі метр жерде жабайы үйректер жүзіп жүреді.

Ираклион орталық автовокзалынан немесе халықаралық әуежайдан тікелей автобустар жүреді. Бір жаққа билет құны – 8 еуро (3 948 теңге). Агиос-Николаос автовокзалы қала орталығынан екі шақырым жерде орналасқан, сондықтан сіз одан қонақүйге таксимен баруыңыз керек.

Мирабелло шығанағындағы жағажайлар

Критте жағажайлар көп. Мұндағы жағажайлардың көпшілігі муниципалды болып табылады және оларға кіру тегін. Жағажайлардың барлығы қолшатырлар, шезлонгтар, дәретханалармен және душтармен жабдықталған. Ірі жағажайларда балаларға арналған ойын-сауық алаңдары бар.

Сонымен қатар, Агиос Николаос қаласы орналасқан Мирабелло шығанағы өзінің жағажайларымен де әйгілі. Бұл шығанақ болғандықтан, мұнда үлкен толқындар жоқ, жағалауы жартасты емес, сусыма құмды немесе ұсақ малтатасты тболып келеді.

«Альмирос» жағажайы (Almiros Beach) демалушылар арасында ең танымал болып саналады. Ол Вулисмени көліне жақын қалада орналасқан. Оңтүстіктен тау өзенімен шектеседі, сондықтан кей жерлерде суы салқын. Аммос жағажайында (Ammos Beach) сіз қажетті құрал-жабдықтарды жалға ала аласыз, дайвингке баруға, су шаңғыларына, гидроциклде немесе «бананға» мінуге болады. Аммуди жағажайы (Ammoudi Beach) қаладан солтүстікке қарай бір шақырым жерде орналасқан. Бірақ мұнда адам аз, ал құмды жағасы көлеңкелі ағаштармен қоршалған, ыстықтан қорғануға болады.


Жағажайдың жанындағы «Еуропаның ұрлануы» мүсіні

«Еуропа» шағын жағажайы (Europa Beach) – құмды, «Еуропаның ұрлануы» мүсінінің жанында орналасқан. Қысқа мерзімді демалыс үшін қолайлы. «Китроплатия» жағажайы (Китроплатиа муниципалды жағажайы) Вулисмени көлінен алыс емес. Суға кіре беріс тегіс, балаларға қолайлы. Сондай-ақ, жағажайда дәмханалар, түнгі клубтар, спорттық жабдықтарды жалға беру қызметі бар. «Гавания» жағажайы (Гавания жағажайы) Элунда шығанағына қарай қаланың шыға берісінде орналасқан. Ол жер өте тыныш. Мұнда басқа жерлерге қарағанда туристер әлдеқайда аз.

Ираклиондағы бейнелеу өнері мұражайы

Криттің атмосферасын сезіну, жергілікті мәдениет пен адамдарды түсіну үшін жергілікті суретшілер салған туындыларды тамашалау қажет. Мұражай экспозициясында өткен ғасырдың 30-жылдарынан бері Критте жұмыс істеген 55 суретші мен мүсіншінің жұмыстары қойылған. Суреттерде грек аралының өмірінен үзінділер – пейзаждар, портреттер, өмір көріністері және карикатуралар бейнеленген. Мұражай қалада орналасқан. Паромдық пирс жаяу 15 минуттық жерде. Дүйсенбіден сенбіге дейін жұмыс істейді, сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс күні - жексенбі. Кіру - тегін.

Еуропадағы ең ұзын шатқал

Криттің екінші ең көп баратын жері - Самария шатқалы, ол өз атауын жақын жердегі Самария ауылына байланысты алған. Оның ұзындығы 17 шақырым. Табиғат сұлулығына қарап серуендеу 6-8 сағатты құрайды, бірақ бұл уақыт өте тез өтеді. Соқпақпен жүру енді ғана шыққан туристерге де оңай түседі. Бағыт Омалос ауылынан басталады. Адамдар көп жиналмау үшін таңертең ерте шығу ұсынылады. Мұндағы ең қызықты жерді Сидиропортестің Темір қақпасы деп атауға болады, онда шатқал үш метрге дейін тарылып, беткейлері 300-ге дейін көтеріледі.


Сурет www.travelid.gr сайтынан

Шатқал Крит аралының оңтүстік-батысында, ұлттық саябақ аумағында орналасқан. Туристерге Ираклион мен Ханьяға экскурсиялар ұсынылады. Ираклионға бір ересек адам үшін 36 еуро (17 769 теңге), 5 пен 13 жас аралығындағы балалар - 18 еуро (9 000 теңге). Ханьяға - ересектер үшін 28 еуро және балалар үшін 14 еуро. Бағаға қонақүйден немесе ең жақын қабылдау пунктінен шатқалдың кіреберісіне дейін және кері трансфер, гид және топтық жеңілдікпен қайық билеттері кіреді.

Ираклионнан өз бетіңізше жету үшін сізге Ханья қаласына бару қажет. Автобуспен – 2-3 сағат 15 еуро (7500 теңге). Ираклионнан Ханьяға дейінгі бағыт Ретимно қаласы арқылы өтеді және автобустар сағат сайын қатынайды. Сондықтан сіз де осы жерден түсіп, серуендеп, келесі автобусқа отыра аласыз. Такси шамамен 150-200 еуро (90 000 теңге) тұрады, бірақ ол сізді жылдам 1,5-2 сағатта жеткізеді. Ханьядан автобуспен шатқалға апаратын жол Омалос ауылына дейін – 2 еуро (1000 теңге) және 40 минут. Шатқалдың өзіне кіру – 5 еуро (2500 теңге).

Кіру шарттары

Грекияға кіру үшін сізге ПТР сынағы немесе вакцина құжаты қажет емес. Туристерге тек виза қажет. Өтінішті қарау мерзімі бес күннен он бес күнге дейін болғандықтан, оны алу үшін құжаттар алдын ала берілуі керек. Бетперде кию тек автобустар мен медициналық мекемелерде, соның ішінде дәріханаларда міндетті болып табылады. Сонымен қатар, қазір Қазақстанға оралу үшін ПТР сынағын тапсыру талабы жойылды.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Иконка меню мобильная